Павлодар облысы прокуратурасы сүт зауытының мүддесін қорғап қалды

Президенттің тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асыруда. 

Павлодар облысы прокуратурасы сүт зауытының мүддесін қорғап қалды Фото: pavon.kz

Қазіргі уақытта облыс аумағында 30 инвестор 2,1 трлн теңгеге өз жобаларын іске асыруда.

"Уәкілетті органдар тарапынан инвесторлармен жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны, өзара іс-қимылдың жоқтығы және олардың заңды құқықтары бұзылғаны анықталды.

Мысалы, Павлодар қаласының әкімдігі сәулет заңнамасының талаптарын бұза отырып, қаланың бас жоспары өзгерген кезде "Сүт" АҚ жұмыс істеп тұрған зауытын жаңа орынға көшіру туралы мәселеге бастамашылық жасаған ("Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы "Заңның 47-бабы 3-тармағының нормалары бұзылған)", – деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасы.

Инвестордың айтуынша, орналасу жерін өзгерту ірі қаржылық шығындарды қажет еткен.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды бұрынғы жер учаскесінде сақтау туралы шешім қабылданды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында облыс прокурорының өкімімен Фронт-офис құрылды және тәулік бойы мобильді топ жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу