Павлодар облысы суармалы егіншілікті дамытуға ыңғайлы

910

Суармалы алқаптың әр гектарынан 1,3 миллион теңге кіріс келтіруге болады. 

Павлодар облысы суармалы егіншілікті дамытуға ыңғайлы

Павлодар облысында Қазақстан фермерлер одағының есеп беру-сайлау мәслихаты өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Конференция жұмысына қатысқан облыс әкімі Болат Бақауов президенттің аграрлық сала – ел экономикасының драйвері болу керектігін жөніндегі пікірін еске салды.

"Біріншіден, жұмыскерлеріңіздің жалақысын өсіру бойынша өтінішімізді қолдағандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Сіздер үлкен көлемдегі жұмысты атқарудасыздар. "Суармалы егіншілікті дамыту" бағдарламасын қабылданғаны мәлім. Нәтижесінде суармалы алқаптарды 200 мың гектарға дейін өсірмекпіз. Бұл өте зор көрсеткіш", – деді әкім.

"Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде бөлімінің басшысы Владимир Берковский өңір басшылығының суармалы егіншілікті дамыту жөніндегі бастамасын қолдап, оның артықшылықтарына тоқталды.

"Біздің табиғи жағдайымызда богарлық егістіктің бір гектарынан орташа есеппен 15 мың теңге таза табыс көруге болатыны дәлелденген. Ал суармалы алқаптың әр гектарынан 1,3 миллион теңге кіріс келтіруге болады. Бұл 83 есеге артық. Өңірде Ертіс өзені, Сәтбаев атындағы канал ағып жатыр, сондай-ақ жер асты су қоры бар", – деді Владимир Берковский.

Оның айтуынша, сүтті ірі қара мал басының артқаны байқалғанымен, жұмыс көңіл көншіте қоймайды. Кешенді бағдарлама аясында алдағы бес жыл ішінде ірі қара мал санын 13,5 мың басқа дейін өсіру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу