Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы тағайындалды

1333

Әбіл Бекетұлы өзінің еңбек жолын дзюдо жаттықтырушысы болып бастаған.

 Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып Әбіл Бекетұлы Дөңбаев тағайындалды.

Осыған дейін Әбіл Дөңбаев Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған (2016-2018).

Әбіл Дөңбаев 1979 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Х. Мұнайтпасов атындағы республикалық спорт колледжін "спорт және дене шынықтыру" мамандығы бойынша тәмәмдап, 2002-2006 жылдары "құқытану" бойынша Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алған.

Өзінің еңбек жолын дзюдо жаттықтырушысы болып бастаған, артынша ҚР құрамасының дзюдо бойынша жаттықтырушысы, Астана, Алматы қалалары денешынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының орынбасары және ШҚО бойынша туризм және спорт басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. 2018-ші жылы денсаулығына байланысты Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымнынан өз еркімен босатылды.

Әбіл Донбаев дзюдо, самбо, қазақ күресінен спорт шебері. Оған кешенді спорт түрлерінен жоғары санатты ұлттық жаттықтырушы атағы берілді. "Құрмет" орденімен марапатталған. Сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының мүшесі. Алматы қаласының Гимнастика федерациясының президенті, ҚР Каратэ кикушинкай федерациясының құрметті президенті, "Спорт менің ауламда" бағдарламасының авторы, "Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері" атағының иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу