Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы тағайындалды

937

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа, департаменттің жеке құрамына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңадан тағайындалған бастығы генерал-майор Жасұлан Қыдырғожыұлы Жұмашевты таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы тағайындалды

Жасұлан Жұмашев 1968 жылғы 22 қаңтарда дүниеге келген, Орал облысы Тайпақ ауданы Калмыков кентінің тумасы. Бұған дейін, Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің бастығы қызметін атқарды. Құқық қорғау органдарында 2005 жылғы 4 наурыздан бастап қызмет етеді.

Еңбек жолын 1990 жылы Кеңес Одағының маршалы В.Д. Соколовский атындағы Новочеркасск жоғары әскери командалық Қызыл Ту байланыс училищесін, ал 2003 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын бітірген.

1992 жылдан 2001 жылға дейін ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінде әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды. 2001-2004 жылдары Республикалық ұлан қолбасшысының көмекшісі – тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы болды.

2005-2011 жылдары Батыс Қазақстан және Атырау облыстары ТЖ департаменттерінің бастығы қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары болды.

2016 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.

Министр Жасұлан Жұмашевті жаңа өңірдің бастығы болып тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу