Павлодар облысына биыл шетелден 1 мыңнан ас ірі қара әкелініпті

2388

Павлодар облысына биыл шетелден 1 мыңнан ас ірі қара әкелініпті

Павлодар облысына биыл шет елден 136 етті және 895 сүтті ірі қара мал жеткізілді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Тілекбол Шарапатов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"2018 жылы 895 голштино-фриз тұқымды сүтті бағыттағы және 131 герефорд, 5 қазақы ақбас тұқымды етті бағыттағы ірі қара сатып алынды, - деді Тілекбол Шарапатов. – Сүтті бағыттағы малды Германиядан шарбақтылық "Победа" ЖШС (298) және железиндік "Пахарь" ШҚ (597) әкелді. Етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қаралар Ресейдің әртүрлі өңірінен жеткізілген. Оның көбісін Шарбақты ауданының "Тайлақ" ШҚ (50), "Аралбаев" ШҚ (40) және Май ауданының "KazAgroPlem" ШҚ (40) алды. Сондай-ақ Тереңкөл ауданының "Агро-Даму" ЖШС Ресейдің Алтай өлкесінен 5 қазақы ақбасты ірі қара алып келді".

Бас маманның айтуынша, жоспар бойынша 2018 жылы Павлодар облысына 3700 асыл тұқымды ірі қара мал әкелінуге тиіс.

"Жылдың аяғына дейін әлі уақыт бар, - деді Тілекбол Шарапатов. – Сондықтан тағы әкелінеді деп күтілуде. Асыл тұқымды малдар табылғанымен сатып алушыларды оның сапасы қанағаттандырмайтын жағдайлар көп болады. Сондықтан да аз әкелінеді. Оған қоса, кейбір шаруа қожалықтар жеткізу шығынын азайту үшін ұзақ уақыт жақын арадан іздеп жатады".

Айта кетейік, қожалықтардың көбісі мемлекет тарапынан "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 4 пайыздық несие алу арқылы асыл тұқымдыларды сатып алуда. Ірі шаруа қожалықтары несиені күтпей өз қаражаттарына да жеткізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу