Павлодар облысына Еуропадан 1,8 мың бас ірі қара әкелінеді

1027

Павлодар облысына Еуропадан 1,8 мың бас ірі қара әкелінеді

Павлодар облысында екі шаруа қожалығы Еуропа елдерінен 1800 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алмақ. Бұл туралы агенттікке облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айдос Жакупов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Железин ауданынан "Пахарь" ШҚ сүтті бағытта 1200 бас әкелмек, - деді Айдос Жакупов. – Бұрындары бұл шаруашылық "ангус" тұқымды етті бағыттағы ірі қара малды ұстайтын. Ал Качир ауданындағы өсімдік өсірумен айналысатын "Астық ПВ" ШҚ енді мал шаруашылығын да қатар алып, 600 бас асыл тұқымды мал әкелуді жоспарлауда. Әзірге нақты қай елден әкелетіні белгісіз".

Қазіргі таңда "Пахарь" ШҚ-да 2075 "ангус" тұқымды ірі қара мал бар. Оның 1380-і сиыр.

Бас маманның айтуынша, "Пахарь" шаруа қожалығы өз бұқаларын тегін жалға беруде. Ақтоғай ауданы 28 бас, Екібастұз 16 басты жалдап үлгерген.

Айта кетейік, өткен жылы Качир ауданының "Агро-Даму" ЖШС мен ақсулық "Сергей" ШҚ Украинадан 365 бас "голштин" тұқымды ірі қара мал әкелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу