Павлодар облысына масаларға қарсы препарат жеткізілді

Ол өңдеу жұмыстары барысында қолданылады.   

Павлодар облысына масаларға қарсы препарат жеткізілді Фото: Валерий Бугаев

Соңғы жылдары Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы күрес кешенді түрде жүргізілуде. Биыл да дезинсекциялық шараларға ерте қамданды. Бүгін биологиялық препараттың бірінші легі жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жалпы, өңдеу жұмыстары барысында 157 тонна көлемінде препарат пайдалану жоспарланып отыр. Оның алғашқы 60 тоннасы қоймаға қойылды. “Бактицид”-тің қалған бөлігі осы айдың соңына дейін әкелінеді.

Атап өту керек, осы әуеден өңделетін алқаптың ауданы былтырғыдан бірден 55,5 мың гектарға артып, 127 мың гектарды құрамақ. Сонымен қатар, Павлодар, Ақсу қалаларының, Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының жайылмаларынан басқа алғаш рет Ертіс және Павлодар аудандарының жайылмалары да әуеден өңделетін болады. Сол сияқты өзен және тосқауылдық өңдеулер жүргізіледі. Ал, оның нақты қашан қолға алынары ауа райына тікелей байланысты.

“Қазгидрометтің” дерегіне сәйкес, аймақта көктем мезгілі ұзаққа созылады. Демек, суды жіберудің басталу мерзімі шамамен сәуір айының екінші онкүндігіне дәл келуі мүмкін. Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Ертістің жоғарғы ағысындағы қар қорының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 60-65%-ға жоғары, бұл да жіберілетін судың көлеміне әсер етеді. Жіберілетін судың болжамды көлемі - 5,5-6 млрд текше метр. Бұл да былтырғыдан  50%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу