Павлодар облысына Моңғолия елінен 14 бала демалуға келді

1244

Олар күн сайын білікті және білімді ұстаздардан дәріс алып, мәдени-спорттық шараларға қатысады.

Павлодар облысына Моңғолия елінен 14 бала демалуға келді

Балалар Баянауыл ауданындағы "Жас дәурен" сауықтыру орталығында екі апта болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жас өрендерді облыс әкімдігі, білім беру басқармасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қазақы салт-дәстүр бойынша шашу шашып қарсы алды. Республикалық "Батаменен ел көгерер"  байқауының жеңімпазы Балтабай Сыздықов балаларға ақ батасын берді.

 Моңғолиядан елімізге жазғы демалысқа келген 80 баланың 65-і үш мұғаліммен Бурабайдағы "Балдәурен" республикалық оқу сауықтыру орталығына және он төрт бала бір мұғаліммен Баянауыл ауданының Жасыбай оқу сауықтыру орталығына демалысқа барады.

Облыстық білім беру басқармасы қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Гүлнар Ыбыраеваның айтуынша, Баян Өлгей өлкесінен  Ертіс-Баян өңіріне табан тіреген балалар үшін Мәшһүр Жүсіп кесенесіне, Жасыбай батырдың  басына саяхат ұйымдастырылады.

Сондай-ақ,  Павлодарға Қытай мен Моңғолиядан келіп оқып жатқан қандас студенттермен кездесу жоспарда бар.



 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу