Павлодар облысына "Pfizer" вакцинасының 29 мыңнан астам дозасы жеткізілді

662

Екпенің бұл түрін 63 180 тұрғын ала алады. 

Павлодар облысына "Pfizer" вакцинасының 29 мыңнан астам дозасы жеткізілді

Бүгін Павлодар облыстық Ғ.Сұлтанов атындағы аурухананың орталық қоймасына әуе жолымен вакцинаның бірінші компоненті келді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бастапқы уақытта 9 917 адамға "Pfizer" вакцинасын салу жоспарда бар. Атап айтқанда, 16-18 жас аралығындағы 6 076 жеткіншек, жүктіліктің 16-37 аптасындағы 1 508 әйел мен 2 333 босанған келіншек екпе алуы мүмкін.

"Павлодар облысында 12-18 жас аралығында 44 мыңнан астам оқушы бар. Бірақ ата-аналары жазбаша түрде келісім берген балаларға ғана вакцина салынады. Бүгінде 389 ата-ана өз келісімін берді. Сонымен қатар 35 жүктә әйел мен жақында босанған 95 келіншек жаңа екпе алуға дайын", – дейді Басқарма басшысының орынбасары Гүлнар Буратаева.

Егер оқушылар мен жүкті әйелдерге салуы жоспарланған "Pfizer" вакцинасының артық дозалары қалса, қатардағы тұрғындар оны ақылы түрде ала алады. Әзірге екпенің бұл түрін медициналық сақтандыру аясында тегін салу мәселесі қарастырылған жоқ.

Айта кетейік, Павлодар облысында екпелерді сақтауға арналған, жалпы көлемі 728 литр болатын тоңазытқыштар бар. Осы уақытқа дейін облысқа әр түрлі вакциналардың бірінші компонентінің 410 785 дозасы, екінші компонентінің 410 785 дозасы жеткізілді. Қазіргі уақытта облыс тұрғындары "Спутник V", "Qazvac" және "Vero Cell" вакциналарын ала алады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу