Павлодар облысына сырттан тартылған қаржы 8 пайызға азайды

1107

Павлодар облысына сырттан тартылған қаржы 8 пайызға азайды

Павлодардағы өңдеу зауытының дер кезінде іске қосылмауы өңір экономикасына біршама залал келтіріп отыр. Әсіресе, облыстың нақты көлем индексі 89,6%-ға төмендеп, инвестиция кеміген. Облыс басшысы Болат Бақауовтың айтуынша, былтыр өңірге сырттан тартылған қаржы 270,2 млрд теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 255 млрд теңгені құраған. Яғни, 8%-ға аз. Ал бұл тікелей бюджетке кері әсерін тигізуде. Мәселен, жоспарланған әлеуметтік жобалар тұралап тұр. Балабақша, мектеп, аурухана салу жұмысы кешігуде. Сондықтан әкім орынбасары мен Екібастұз және Май аудандарының жетекшілеріне сөгіс жарияланды. Бұған дейін Энергетика министрлігі зауыттың 26-шы қазанда ашылатынын айтқан еді.

Мақсат Тұрлыбаев, Павлодар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

"Қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында нақты көлем индексі 89,6 пайызды құрады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 15,3 млард теңгеге азайғанын көрсетеді. Екібастұз қаласы мен Май ауданында инвестициялық салым динамикасы өте төмен деген сөз. Ал, басқа аудандардағы көрсеткіш 100 пайыздан асады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу