Павлодар облысынан 345 тонна ет экспортталды

863

Павлодар облысынан 345 тонна ет экспортталды

Жыл басынан бері Павлодар облысы шетелге 345 тонна ет экспорттады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Павлодар облыстық  аумақтық  инспекциясының басшысы Рашит Нұрбеков мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Смак", "Рубиком" және "Абай" ЖШС сияқты өңірдегі ет экспортымен айналысатын негізгі үштікке биыл "Ақжар Өндіріс" агрофирмасы қосылды, - деді ведомство  басшысы. – Соңғысы ағымдағы жылы Ресей Федерациясына консервілерін сата бастады.  Осылайша, жыл басынан шетелге 345 тонна ет жөнелтілді".

Спикердің айтуынша, бұдан басқа, өзбекстандық  әріптестер  павлодарлық ет өнімдерін сатып алуға қызығушылық танытқан. 30 сәуір күні көршілес мемлекеттен мамандар келіп, Баянауыл ауданына барып қайтқан.

"Павлодар облысынан Өзбекстан Республикасына ет өнімдері   тасымалданады, - деді Рашит Нұрбеков. – Бұған қоса, өткен аптада Қытаймен келіссөз жүргізілді. Алдағы уақытта осы мемлекетке де ет өнімдері жіберілетін болады. 2016 жылы Қытайдың ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министірлігінен өкілдер келіп, аймақтағы жұмыспен танысқан болатын. Қытаймен сауда-саттық орнатуға "Рубиком" ЖШС  ниет білдіріп отыр. Егер экспорттау шаралары дұрыс өтсе,  қытайлықтарға ет өнімдері жіберіледі".

Айта кетерлігі, бұған дейін Павлодар облысы Қытайға бал мен артемий шаяндарын жіберген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу