Павлодар облысынан 70 мың тоннаға жуық күнбағыс дәні экспортталды

1040

Павлодар облысынан  70 мың тоннаға жуық күнбағыс дәні экспортталды

Биыл Павлодар облысындағы аграрлық секторлар экспорттық әлеуетін едәуір арттырып, шетелге 70 мың тоннаға дейін күнбағыс дәнін экспорттаған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Болат Бақауов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Біздің облыста ауыл шаруашылығы саласын дамыту - алға қойған басым бағыттардың бірі, - дейді Болат Бақауов. - Елбасымыз ауыл шаруашылығын ел экономикасының жаңа драйверіне айналдыруды тапсырғаны белгілі. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынды. Қазіргі уақытта облыс өз өндірісі есебінен азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өңірді толықтай қамтамасыз етуде".

Сонымен қатар, аймақ басшысы картоп пен көкөніс көлемінің жыл сайын артып келе жатқанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, біздің аграрлық секторлар тарапынан 200 мың тоннаға жуық өнім экспортталған.

"Биыл біз 400 мың тоннадан аса картоп жинадық. Биыл осы аграрлық сектор бойынша 27 нысанды аштық. Оның 22-сі қайта өңдеуге бағытталған. Ағымдағы жылдың соңына дейін 6 сүт тауарлық фермасы ашылады. Жалпы аумағы 7 гектарды құрайтын екі жылыжай кешенін іске қосатын боламыз. Бұл жылыжайлар томат пен қияр өндіретін болады", - деп атап өтті Болат Бақауов.

Аймақ басшысының сөзінше, кооперация негізінде облысымыздың шаруа қожалықтары машина-трактор станциясын құрып, бес астық жинау комбайны сатып алынған. Биыл дәнді-дақылдар өнімділігі гектарына 10,4 центнерді құрап отыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу