Павлодар облысынан Сенат депутаттығына үміткер анықталды

630

Облыстық мәслихаттың депутаттары бірауыздан Алтынбек Нұхұлының кандидатурасын ұсынуға дауыс берді.

Павлодар облысынан Сенат депутаттығына үміткер анықталды

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар Сенат депутаттығына ұсынылған кандидатураны қарастырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова ҚР сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес мәслихат сессиясында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына Алтынбек Нұхұлының кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізді.

"Алтынбек Нұхұлы өз кандидатурасын өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынды", – деді Бақыт Бексейітова.

Облыстық мәслихаттың депутаты Серім Сыздықов Алтынбек Нұхұлы ғалым ретінде халық арасында қоғамдық ағарту жұмыстарымен танымал екенін айтты.

Облыстық мәслихаттың депутаттары бірауыздан Алтынбек Нұхұлының кандидатурасын ұсынуға дауыс берді.

Алтынбек Нұхұлы 1962 жылы 10 маусымда Баянауыл ауданындағы Сәтбаев атындағы ауылда дүниеге келген. 1984 жылы ҚазМУ-дің химия факультетін үздік дипломмен аяқтаған.

Еңбек жолы:

1996-1997 – ҚР Экономика министрлігі микроэкономикалық саясат бас басқармасы мұнайхимия бөлімінің бас маманы (Алматы қ.).

1997-1999 - "Гомогенді және гетерогенді үрдістер термодинамикасы мен кинетикасы" зертханасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазМУ профессоры (Алматы қ.).

1999-2000 – ҚР БжҒМ жоғары білім департаменті мемстандарт пен нормативті құжат базасы бөлімінің бас маманы (Астана қ.).

2000-2001 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ЖОО-ларды аттестаттау бөлімінің бастығы (Астана қ.).

2001-2003 – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (Павлодар қ.).

2003-2008 – Көпсалалы гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры (Қарағанды қ.), Инновациялық Еуразия университетінің ректоры (Павлодар қ.), 2007-2008 – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (Павлодар қ.).

2009-2010 - ҚР БжҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары (Астана қ.).

2010-2012 - Премьер-министр Кеңсесінің индустриалды-инновациялық даму бөлімінің сектор меңгерушісі (Астана қ.).

2016 ж. желтоқсанынан бүгінгі күнге дейін – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры.

Ғалым ретінде 537 еңбектің авторы. Оның ішінде 4 монография, 13 оқулық пен оқу құралдары, 23 патенттер мен өнертапқыштық авторлық куәліктері және өзге де еңбектердің авторы. 2006 жылдан бастап "Нұр Отан" партиясының мүшесі, 2005 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, 2010 ж. Инженерлік ғылымдардың халықаралық академиясының академигі (Мәскеу қ.), Ұлттық инженерлік ғылымдар академиясының академигі (Алматы қ.), Жаратылыстану ғылымдарының Қазақстан ұлттық академиясының академигі болып сайланды (Астана қ.).2019 ж. Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының академигі болым сайланды (Алматы қ.) 2018 ж. "Баянауыл ауданының құрметті азаматы" атағы берілді. Аталмыш жылы "Құрмет" орденімен марапатталды. 2019 ж. "Қ.И.Сәтбаев халықаралық қоры" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу