Павлодар облысында 1,1 мың бала қамқорлыққа берілген

1236

Басқарма басшысының айтуынша, балаларды қабылдаушы отбасылардың саны 10-ға дейін өскен. Бұл шаңырақтарда 44 бала тәрбиеленуде.

Павлодар облысында 1,1 мың бала қамқорлыққа берілген

Облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының желісі мен контингентінің азаюы байқалуда. Бұл туралы "BİLİM JÁNE ǴYLYM" тақырыбындағы тамыз кеңесінде өңірлік білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Биылғы жылы Тереңкөл ауданында жалпы типтегі жалғыз балалар үйі және 296 тәрбиеленуші контингенті бар отбасы үлгісіндегі 6 балалар үйі қалды. Соңғы үш жылда азаматтардың отбасына тәрбиелеуге 1194 бала берілді. Оның ішінде 1062 бала қорғаншылыққа және қамқоршылыққа, 132 бала патронаттық тәрбиеге тапсырылды. Сондай-ақ, 401 бала өз отбасыларына қайтарылды",– дейді Дінислам Болатханұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, балаларды қабылдаушы отбасылардың саны 10-ға дейін өскен. Бұл шаңырақтарда 44 бала тәрбиеленуде.

Айта кетерлігі, жалпы жетім балалардың 88%-ын әлеуметтік жетімдер құрайды. Осыған байланысты "Үміт" балалар үйін қайта құру, облыстық балалар баспанасының бірлестігі мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын біріктіру арқылы балаларды қолдауға арналған екі орталық құрылған. Бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу