Павлодар облысында 1,3 млн гектарға егін салынды

998

Көктемгі егіс көлемі бір миллион гектардан асып, былтырғы көрсеткіштен 4%-ға өскен.

Павлодар облысында 1,3 млн гектарға егін салынды

2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 1,3 миллион гектар алқапта орналасты, бұл 2018 жылғы деңгейден 9% артық, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марат Шұғаевтың Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде жеткізген ақпаратына қарағанда, көктемгі егіс көлемі бір миллион гектардан асып, былтырғы көрсеткіштен 4%-ға өскен.

"Қазіргі кезде облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі дала жұмыстарын аяқтады", - дейді Марат Шұғаев. – Жалпы егіс алқаптарының 712,5 мың гектарына дәнді дақылдар, 223,1 мың гектарына майды дақылдар, 7,6 мың гектарына көкөніс дақылдары егілді". Тұқыммен қамтамасыз ету толығымен жүзеге асқан.

Марат Шұғаевтың айтуынша, өсімдік шаруашылығын қолдау жалпы сомасы үш миллиард теңге шамасында субсидия бөлінген. Сонымен бірге, өңірдің 113 шаруашылығына көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 2,9 миллиард теңге несие берді.

Көктемгі дала жұмыстарын өткізу үшін 18,6 мың тонна дизель отыны бөлінді. Былтыр бұл көрсеткіш 16 мың тонна деңгейінде болатын. LF TRADE ЖШС және "ТК Парнас" ЖШС операторларының қызметтерін есепке алғанда бір литрдің бағасы 167 теңгені құрады. Егіс науқанына жалпы саны 7412 трактор, 8096 тырма, 1790 соқа, 1207 қопсытқыш, 4451 тұқым сепкіш пен 163 егіс кешені қатысты. Марат Шұғаевтың айтуынша, болжамдарға сәйкес, биыл егіннің бітік шығады деген сенім мол. Жиын-терім жұмыстары 70 күннен басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу