Павлодар облысында 10 жасар бала мен оның атасы өрттен көз жұмды

659

Павлодарда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты.

Павлодар облысында 10 жасар бала мен оның атасы өрттен көз жұмды

Павлодардағы Гагарин көшесі, 34 мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйде өрт тіркелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Бүгін сағат 12.42-де кезекшілік бөліміне аталған мекенжай бойынша бір бөлмелі пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Төртінші қабатта қызыл жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 13.07-де толығымен сөндірілді. 10 адам сыртқа шығарылған. Оның екеуі – бала",– делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарламасында.

Оқиға орнында 1952 жылғы ер адам мен 2009 жылғы баланың денесі табылған. Департаменттің мәліметінше, көз жұмғандардың бірі қарт адам болса, бірі оның жиені.

Қазіргі таңда жалын толығымен сөндірілген. Өрт зертханасы қайғылы жағдайдың неден болғанын анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу