Павлодар облысында 100 бас жылқы айып тұрағына қамалды

726

Бүгінгі таңда полицейлер табын иесін анықтады. 

Павлодар облысында 100 бас жылқы айып тұрағына қамалды Фото: google

Павлодар облысы Успен ауданында апатты жағдай туғызған 100 бас жылқы айып тұрағына қамалды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Полицияға Чернорецк – Успен – Шарбақты автожолында, Образов ауылының маңында жолда апатты жағдай туғызған жылқылар табыны қараусыз жайбалылып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары 100 бас жылқыны арнайы айыппұл тұрағына қамады. Полиция табын иесін анықтады, ол жылқышыға малын сеніп тапсырғанын айтты", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жылқышы өз міндеттеріне жауапкершілік танытпаған көрінеді.

"Сол күні Надаровка ауылының маңындағы жайылымда қараусыз 22 ірі қара мал жүрді. Иесі 58 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін 44 жастағы малшы мен 58 жастағы ірі қара мал иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – деп хабарлады Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу