Бүгінде облыс аумағында барлығы бес түзету мекемесі бар. Темір тордың ар жағында 2 мыңға жық адам жазасын өтеп жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елімізде амнистия жарияланған еді. Оған өңірдегі мекемелерде айыбын өтеу жазасы кесілген 257 адам ілігеді. Бірақ олардың 103-і ғана бостандыққа белгіленген мерзімнен ерте шығады. Олар – ұрлық сияқты жеңіл қылмыс жазаған айыпталушылар. Ал 154 адамның амнистия аясында жаза мерзімі қысқарады. Пробация қызметінде тұрған 700-ге жуық адам да "кешірім" ала алады.
"Қазіргі таңда пробация қызметкерлері амнистия қолдануға қатысты материалдарды сотқа жіберуде. Оған адам денсаулығына, өміріне қауіп келтірмеген құқық бұзушылықтарды жасаған адамдар жатады. Ал тонау, адам өлтіру, педофилия, есірткі тарату сынды қылмыстарға барған сотталушылар амнистия алатын азаматтар есебінде жоқ", – дейді Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдуғалиева.
Ажар Дәулетова