Павлодар облысында 11 мыңнана астам адам қатерлі ісікке шалдыққан

937

Былтыр елімізде бұл дерттен 14 406 адам көз жұмған.

Павлодар облысында 11 мыңнана астам адам қатерлі ісікке шалдыққан

Павлодар өңірінде 11380 адам қатерлі ісікпен есепте тұр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Оның 754-іне қауіпті диагноз тұңғыш рет қойылды. Аймағымызда сүт безінің қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, асқазан және тері қатерлі ісігі көп тіркелген. Қазақстанда тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі аясында профилактикалық скринингтің үш түрін өтуге болады. Әр азамат өздері тіркелген емханаларда скринингтен ақысыз өте алады", –  дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

Ресми деректерге сүйенсек, былтыр елімізде қатерлі ісіктен 14 406 адам көз жұмған. Онкологиялық аурулардан болған өлім-жітім бойынша Шығыс Қазақстан (1757), Қарағанды (1284) облыстары, сондай-ақ, Алматы қаласында (1611) көрсеткіш жоғары болып тұр. Павлодар өңірінде қатерлі ісіктен 920 адам көз жұмған.

2019 жылы мемлекет профилактикалық мақсаттағы скринингтерге 4,3 млрд теңге бөлінген. Павлодар облысы бойынша бұл сома 218 млн теңгені құрады.

"Егер дер кезінде скринингтік зерттеулер жүргізілсе, онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға боладыОбырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижесін арттырып, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94 пайызын толық емдеп жазуға болады. Ал, емге кететін шығын 200 есеге қысқарар еді", – дейді Айдар Сейітқазинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу