Павлодар облысында 130-дан аса студент егіс жұмыстарына қатысады

822

Павлодар облысында 130-дан аса студент егіс жұмыстарына қатысады

Павлодар облысының 10 ауданында орналасқан колледждердің алқаптарындағы егіс жұмыстарына 130-дан аса студент қатысып, 22 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылы 15-мамырдан бастап 10 ауданда орналасқан ауыл колледждердің жастары 1235 га алаңда 116,5 тонна ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруді жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 33% жоғары. Оған дәнді және майлы дақылдар мен картоп, қарбыз өсіріледі. Бүгінгі күні колледждердің жер учаскелерінде ылғал жабу жұмыстары жүргізілуде. Ауыл колледждері егіс науқанын 5-маусымға дейін аяқтауды көздеп отыр.

"Ауыл колледждері алқаптарында көктемгі дала жұмыстарын уақытында және сапалы деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Егер ауарайы жақсы болса, біз былтырғы жылдың көрсеткіштерінен жоғары өнім аламыз деген үміттеміз", – дейді Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінің басшысы Владимир Глазинский.

Айта кетейік, 2016-2017 оқу жылдары облыстағы 50-ден астам шаруа қожалықта 254 студент өндірістік тәжірибеден өткен. Оның ішінде "Ақтоғай-Агро" ЖШС, "Победа" ЖШС, "Уразбаев" ҚШ, "Галицкое" ЖШС, "Агро-Даму" ЖШС, "Иртышское" ҚШ ЖШС, "Жайма" МТС ЖШС, "Санжар" ҚШ, "Ақжар Өндірісі" ЖШС кәсіпорындары бар. Студенттер өндірістік тәжірибеден өткен кезде тракторшылар мен механизаторлардың көмекшілері ретінде John Deere, MacDon, Buhler сияқты ауыл шаруашылық техникаларында жұмыс істеуді үйренді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу