Павлодар облысында 14 гидропост орнатылды

251

Ертіс өзеніндегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. 

Павлодар облысында 14 гидропост орнатылды Фото: ҚР ТЖМ

Павлодар облысының аумағында су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. 14 гидропост орнатылды.

Қолданыстағы үйінділерді нығайту мақсатында 64350 тонна инертті материал құйылды, 5650 дана қапшық төселді, 13600 дана инертті материал салынған қап дайындалды. Қосымша 24808 метр үйінді тұрғызылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу