Павлодар облысында 160 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

1743

Павлодар облысында 160 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Павлодар облысында жалпы аумағы 55 мың шаршы метрден астам 656 пәтерден тұратын 9 тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ortcom.kz.

Жыл соңына дейін қалаларда тағы да 5 несиелік және 2 арендалық тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда.

"Сарыарқа" шағын ауданындағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда мұнда 16 үй пайдалануға берілді, тағы да 3 үй жыл соңына дейін іске қосылатын болады. 2021 жылға дейін "Сарыарқада" 40 көпқабатты үйлер тұрғызылатын болады. Келесі жылы Павлодарда жалпы саны 7,5 мың пәтерлерден тұратын жаңа "Достық" шағын ауданының құрылысы басталады. "7-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасы тұрғындарға өз баспанасына ие болуға қосымша мүмкіндік беріп отыр. Бұл бағдарлама бойынша екінші деңгейлі банктерге тұрғындардан 38 өтініш келіп түсті, олардың 16-ы қанағаттандырылды.  Өңір бойынша 282 пәтер сатылымға ұсынылды, олардың 102-і – Павлодар қаласында, қалған 180 пәтер Екібастұз қаласында орналасқан", - дейді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Сонымен қатар, жаңа бағдарламаны белсендіру үшін өңірде медициналық қызметкерлерге 1 миллион теңгелік тұрғын үй сертификаттары беріле басталды. Ал 6 дәрігер пәтерлерін таңдап алды, олардың өтінімдері мақұлданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу