Павлодар облысында 161 кәсіпорын жабылу алдында тұр

1265

Аталған мекемелердің  банк алдындағы жалпы қарызы 50 млрд теңгеге жетіп, банкротқа ұшырауы мүмкін.

Павлодар облысында 161 кәсіпорын жабылу алдында тұр

Мамандардың айтуынша өңірдегі қаржылық  жағдайы нашар кәсіпорындарға ауқымды сараптама жүргізу керек. Мысалы осы уақытқа дейін елімізді 50% дәрі-дәрмекпен қамтып келген павлодарлық фармацевтикалық компания бүгінгі күні өзін банкрот деп жариялады, деп хабарлайды Atameken Business..

Бұдан бөлек, ондаған кәсіпорын банкроттық рәсімінен өтіп жатыр. Олардың  көбі әлі күнге дейін жұмысшылар алдындағы қарызын өтей алмай жатыр. Ал, Екібастұз қаласындағы күзет фирмасының басшысы болса қарызын төлемек түгілі шетелге қашып кеткен екен. Қазіргі уақытта төрт компанияда оңалту жұмыстары жүріп жатыр.

"Бүгінгі таңда бізде 161 кәсіпорын банкротқа батып отыр. Ал, төрт компания қайтадан аяғынан тұрып келеді. Олар – "Энергокапитал", "Азиягрупп" компаниясы, Павлодар картон рубероид зауыты және "Роса" акционерлік қоғамы. Олардың толық қалпына келуі үшін бес жылдай уақыт кетеді", – дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Арынова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу