Павлодар облысында 17-ге толған бозбалаларды әскерге шақыруға тіркеу басталды

534

Биылғы жылы өңірде 3812 ер азаматты әскери есепке алу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында 17-ге толған бозбалаларды әскерге шақыруға тіркеу басталды Фото: ТоболИнфо

Бұл туралы Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Алмасбек Бұхарбаев мәлім етті.

– Қазіргі таңда қаңтар айынан бастап 2006 жылғы азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуге алу басталды. 2023 жылы 3812 ер азаматты әскери есепке алу жоспарланды. Бүгінгі таңда 17 қаңтардағы жағдай бойынша 212 азамат тіркелді, – деді Алмасбек Бұхарбаев.

Оның сөзінше, тіркеуге алу әскер қатарына шақырылғандардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, білім деңгейін және дене дайындығын анықтау мақсатында жергілікті басқару және жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп жүргізіледі.

– Шақыру учаскелеріне тіркеуге алу мәліметтері негізінде ҚР Қорғаныс министрлігінің әскер түрлері бойынша бөлу және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген үміткерлерді іріктеу жұмысы жүргізіледі, – дейді Алмасбек Бұхарбаев.

Айта кетейік, белгіленген график бойынша әр мектептің алғашқы әскери дайындық ұстаздары 17 жасқа толған азаматтар жайлы мәліметтерді жинап, жергілікті әскери мекемеге тапсырады. Келесі күні әскер қатарына шақырылғандар медициналық комиссиядан өтеді және бұдан кейін әскерге баруға жарамды азаматтарға шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу