Павлодар облысында 179 асық ату үйірмесі бар

1632

Павлодар облысында 179 асық ату үйірмесі бар

Павлодар облысында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде биыл асық ату үйірмелерінің саны 179-ға жеткен. Былтырғы жылы мұндай үйірме саны 93 болған еді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жоба масштабты сипатты иеленіп, оқушылар мен ересектер арасында үлкен қызығушылық тудырды, - дейді облыстық білім беру басқармасы қосымша білім беру және тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімінің бас маманы Қуаныш Қыдыралин. –  Оқушылар жаз кезінде асық жинап, аталмыш жобаны іске асыру  өңірдің жалпы білім беретін мектептерінде қолға алынды. Сонымен қатар, жобаны енгізуге мектепке дейінгі мекемелер де белсенді  қатысқан. Бүгінгі күні "Асық party" акциясы Павлодар қаласы, Качир, Лебяжі және Ақтоғай аудандарының балабақшаларында ұйымдастырылған. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері тәрбиеленушілердің ұлттық ойынға аса қызығушылық танытқандарын айтуда".
Бас маманның айтуынша, үйірмелердегі оқушылар саны 1950-ден  3477-ге дейін артқан.  Ағымдағы жылы алғаш рет "Асық ату" ойыны бойынша облыстық жарыстар ұйымдастырылып, желтоқсанның бірінші он күндігінде барлық білім беру ұйымдарында мектептік турнирлер, жаттықтырушы мұғалімдер үшін спорттың аталған түрін оқыту және шеберліктерін арттыру бойынша семинар-практикум  өтті. Жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталды. Жобаның  мақсаты "Асық ату" мектеп лигасын ұйымдастыру, спорттың аталған түрін 2020 жылы оқушылардың облыстық спартакиадасының бағдарламасына енгізу болып табылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу