Павлодар облысында 1800-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

280

34 жүргізуші көлікті мас күйде басқарған.

Павлодар облысында 1800-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды Фото: almaty.tv

Павлодар облысында өткен "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция 1886 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, 34 жүргізуші көлікті мас күйде басқарған, 30 адам жүргізуші куәлігінсіз немесе көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған. Сонымен қатар бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту бойынша 85, қарсы қозғалыс жолағына шығудың 4 дерегі тіркелді.

Құқық бұзушылықтарға байланысты 98 көлік арнайы тұраққа қойылып, 62 мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.

Полиция өкілдері жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу