Павлодар облысында 182 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

584

Павлодар облысында пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер көлемі 569 мың гектарға жуықтайды.

Павлодар облысында 182 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бүгінде оның 181,8 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Тағы 153,5 мың гектарлық аумаққа қатысты, ескертулерден кейін иелері игере бастаған. Соған қарамастан ауыл тұрғындары мал өрісіне әлі де зар болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін аймақта 283 мың гектар жайылымдық жер жеткіліксіз болса, қазір үштен бірі шешімін тапты. Ол үшін, халықтың өрісін кезінде басып алған ірі шаруа қожалықтарының жерлерін де қайтарып алуда. Олардың арасында өңірдің экс-әкімі Болат Бақауовтың туыстарына тиесілі фермаларға берілген жер учаскелері бар. 

"Крон-Агроның Ертіс ауданындағы жер телімі Иса Байзақов атындағы елді мекенде болды. Аудан әкімдігімен бірлесіп жұмыстар атқарылды. Жерді қайтару жөнінде сот шешімі де шыққан. Жалпы облыстағы ірі шаруа қожалықтарынан 71,5 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды. Жұмыстар әлі де жалғасатын болады", – деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Руслан Дәуітбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу