Павлодар облысында 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды

756

Күдіктілердің әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 4-б. сәйкес бағаланып, мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін. 

Павлодар облысында 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды

Павлодар облысында агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметі.

Павлодар облысында тіркелген шаруа қожалықтары Ресей Федерациясынан ірі қара мал сатып алу үшін "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттен жалпы сомасы 233 млн теңгеге субсидия алған.

Субсидиялар алу өтінімдеріне және ІҚМ сатып алу-сату шарттарына сәйкес 2018-2019 жылдары облыс агрокәсіпкерлері ресейлік кәсіпорындардан "Герефорд" тұқымды 1447 бас ірі қара сатып алып, елге әкелген. Алайда, Ресейдің уәкілетті органдары аталған шаруа қожалықтарына ІҚМ эскпортталмаған деген мәлімет берді.

"Тінту жүргізу барысында мөрлер (оның ішінде РФ уәкілетті мемлекеттік мекемелерінің мөрлері), кеңсе жабдықтары, ақша қаражаттары, бухгалтерлік және басқа да құжаттар тәркіленіп алынды. Күдіктілердің әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 4-б. сәйкес бағаланып, мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін. Бүгінгі таңда күдіктілер 96 млн теңгеден астам сомада келтірілген залалды республикалық бюджетке өтеді. Тергеу амалдары жалғасуда",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу