Павлодар облысында 2017 жылы белді нөмірлерге сұраныс екі есеге артқан

788

Павлодар облысында 2017 жылы белді нөмірлерге сұраныс екі есеге артқан

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалы – халыққа қызмет көрсету орталығының  баспасөз хатшысы Ақмарал Асылбаеваның айтуынша,  2017 жылы 46 млн 758 мың 446 теңгеге жоғары сұранысқа ие 117 нөмір сатылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

2016 жылы 22 млн 745 мың 604 теңгеге 64 беделді нөмір  саудаланған. Қазіргі таңда 877 мың 825 теңгеге осындай екі нөмір келіп түскен. Дегенмен әзірге оларды сатып алуға өтініш болмаған.

Биыл "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсына бастады. Енді көлікке әдемі нөмір алғанда сандарды ғана емес, әріптерді де таңдауға болады.

Айта кетерлігі, 2017 жылы елімізде жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмір сатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу