Павлодар облысында 26 елді мекенді су басу қаупі бар
02 Наурыз 2021 22:21 574

Өңірде қыстай жауған қардың орташа қалыңдығы 22 сантиметр. Күн райы күрт жылынған кезде қарғын су көлемі ұлғайып, автожолдар бойымен ағып етектегі елге жетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары осындай болжам айтады. Көктемгі су тасқынына әзірлікті пысықтау үшін Павлодарда екі күндік оқу-жаттығу жиыны өткелі жатыр. Биыл аймақ су тасқынының алдын алу үшін бюджеттен 1 млрд 677 млн теңге бөлінді.