Павлодар облысында 27 мыңнан астам мал айыппұл тұрағына қамалды

375

Жыл басынан бері мал жаю талаптарын бұзған 1 794 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Павлодар облысында 27 мыңнан астам мал айыппұл тұрағына қамалды Фото: opennews.kz

Павлодар облысында жол бойында қараусыз жүрген малға байланысты рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері 27 148 бас мал айыппұл тұрағына қамалды.

Полиция мәліметінше, рейдтер барысында жануарларын қараусыз қалдырған мал иелері анықталуда. Мәселен, Павлодар – Астана автожолының 168-шақырымында қараусыз жайылып жүрген жылқылар табылған. Оқиға орнында малшы болмаған.

Сондай-ақ Павлодар – Русская Поляна автожолының 6-шақырымында қараусыз жүрген жылқылар анықталды. Полиция мал иелерін анықтап, жануарларды айыппұл тұрағына орналастырған. Иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жыл басынан бері облыста мал жаю талаптарын бұзған 1 794 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмай, олардың елді мекендер мен автомобиль жолдарына шығып кетпеуін қамтамасыз етуді ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу