Павлодар облысында 29 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

856

Павлодар облысында 29 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында "Көктемгі демалыс" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында балаларды тәрбиелеу бойынша міндетін атқарудан жалтарған 29 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын алу іс-шарасы өңір аумағындағы барлық мектепті қамтыған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Оған білім беру, денсаулық сақтау өкілдері, прокуратура органдары, "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының өкілдері мен ата-аналар қатысқан.

"Ішкі істер органдарына барлығы 103 кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішінде 82-сі әкімшілік құқық бұзушылық, сегізі ұсақ бұзушылық жасаған және сегізі алкогольдік ішімдіктерді қолданған", - деді департаментте.

Түнгі уақыттарда заңды өкілдердің алып жүруінсіз көңіл көтеретін орындарда табылғаны үшін 68 ата-ана, түнгі уақыттарда кәмелетке толмағандарды көңіл көтеретін орындарға кіргізгені үшін бес мекеме иесі мен 10 ата-ана жауапкершілікке тартылған. Рейдтік іс-шара барысында 372 нашар отбасы мен есепте тұрған 157 кәмелетке толмаған жасөспірімнің тұрғылықты жері тексерілді. 27 кәмелетке толмаған және 26 нашар отбасы Ішкі істер органдарының есебіне алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу