Павлодар облысында 29 ер адам декреттік демалыс алған

1207

Павлодар облысында 29 ер адам декреттік демалыс алған

Павлодарда облыстық прокурордың бұрынғы орынбасары Қуат Артықбаев декреттік демалысқа шықты. Ол қазанның 1-нен бастап бала күтімі бойынша үш жылға демалыс алған. Енді қызметіне 2020 жылдың наурызында оралмақ. Бұл ақпаратты құзырлы органның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды astanatv.kz.

"Ол 20 қыркүйектен лауазымды қызметін өз еркімен босатты. Бірақ ол облыстық прокуратураның қарамағында қалды. Содан кейін қыркүйектің 25-сінен ол бала күтімі бойынша демалысқа шығу туралы өтініш жазды. Сөйтіп, қазанның 1-нен ол декреттік демалыста", - дейді Павлодар облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Аида Сыздықова.

 Қадағалау органында 24 жыл қызмет еткен Артықбаев 2012 жылы облыс прокурорының орынбасары болып тағайындалған. Оған дейін тағы бір прокурор декреттік демалыс алған екен. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының ақпаратынша, аймақта бала күтімі бойынша 29 ер адам демалыс алған.

"Бұл өте сирек кездесетін құбылыс. Дегенмен де бұған заңды түрде тыйым салынбаған. Яғни еңбек нормалары ер адамдардың декреттік демалысқа кетуіне еш кедергі келтірмейді. Айналып келгенде, ана мен әкенің жеке шешімі болып табылады", - дейді Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Манас Жұмаділов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу