Павлодар облысында 300-ден астам көлік 5 тәулік бойы жолда тұр

850

Ауылдық аймақтарда эвакуациялық пункттер бар, алайда көбі көліктерінің қауіпсіздігін сақтау немесе басқа да себептермен бара қоймайды.

Павлодар облысында 300-ден астам көлік 5 тәулік бойы жолда тұр

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі тас жолдарда 300-ден астам көлік тұр. Оның ішінде жүк көліктері де бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Ленин кенті жанында шамамен – 60, Қалқаман кенті маңында – 100, Екібастұз қаласына қарай көпірдің жанында – 40, Шідерті маңында – 60, Успен ауданында – 18 және Шарбақты ауданында алты автокөлік тұрып қалды. Автожолдарды қардан аршу жұмыстарымен 52 арнайы техника айналысады. Дегенмен бұл техника аздық етеді. Норматив бойынша 25-30 шақырымға құрамдастырылған бір техникадан шығуы керек. Қазіргі таңда бізде мұндай машина саны – 20. Осыған байланысты қардан уақытылы тазарту мүмкін емес", – дейді Арыстан Дүйсембаев.

Басқарма басшысының орынбасары мұндай жағдайға қардың қалың түсуі себеп болып отырғанын айтады.

"Барлығы 15 бекет орнатылған және жол-патрульдік полициясының 15 автомашинасы автожолдардың жабылуын қамтамасыз етеді. Автокөлік ағынын азайту үшін тым болмағанда жолдың бір жолағын тазартатын едік. Ақмола облысында және біздің аймақта қар қалың жауды. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласына қарай жол жоқ. Сондықтан қаншама көлік жолда тұрып қалған. Оларды жергілікті атқарушы орган орналастырып жатыр. Ауылдық аймақтарда эвакуациялық пункттер бар, алайда көбі көліктерінің қауіпсіздігін сақтау немесе басқа да себептермен бара қоймайды. Жолаушылармен байланыс бар. Полицияның учаскелік инспекторлары жағдайды баяндап тұрады",– дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу