Павлодар облысында 342 тіл мектебі ашылады

879

Павлодар облысында 342 тіл мектебі ашылады

Павлодар облысында "Үш тілде білім берудің жол картасы" бағдарламасы аясында балалардың жазғы демалысын жүйелі түрде ұйымдастыру үшін 392,9 млн. теңге бөлінеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауов бүгін ҚР Үкіметінің отырысында мәлім етті.

- Биыл Павлодар облысында 91 мың 500 оқушы жазғы демалыс және сауықтыру лагеріне тартылады деп жоспарлануда. Бұл облысымыздағы оқушылар санының 99 пайызын құрайды. Өңір бойынша 342 тіл мектебі қазақ және ағылшын тілдерінде білім береді. Барлығы 760 лагерь ашылады. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың, балалар үйлері мен интернаттарда тұратын 10 мыңнан астам бала демалатын болады, - дейді облыс әкімі. Аймақ басшысының сөзінше, биыл жазда 20 мың оқушы түрлі бағыттағы қосымша білім берумен қамтылады. Жазғы уақытта қосымша 4894 жұмыс орыны ашылады,-деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу