Павлодар облысында 36 интернет-ресурс тексеріледі

792

Павлодар облысында 36 интернет-ресурс тексеріледі

Павлодар облысында 6-16 сәуір аралығында жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстары тексеріледі. Бұл туралы агенттікке облыстық тілдерді дамыту басқармасы мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы Самат Кушмағұлов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Облыс бойынша 36 сайттың 23-і басқармаларға тиесілі болса, 13-і қалалар мен аудандардың интернет-ресурстары, - дейді Самат Кушмагулов. – Біздің алты маман  өзара бөлісіп, орфографиялық және грамматикалық қателерді анықтайды. Мониторинг басталатыны туралы барлық мекеме-ұйымдарға хабарлама жіберілген. Шараның қорытындысы бойынша қателер анықталған жағдайда скриншот жасалып, ұсыным хатпен бірге жіберіледі. Жергілікті атқарушы органдарға аталған кемшіліктерді түзетуге 10 күн  уақыт беріледі".

Маманның айтуынша,  мониторинг жүргізу барысында басқарма мамандары қазақ және орыс тілдеріндегі контенттің сәйкестігіне, орфографиялық және грамматикалық қателердің орын алуына және материалдардың уақытылы жаңартылуына талдау жүргізіледі. Бұдан басқа, ҚР  мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту  және қоғамдық саяси жұмыс  комитеті 2018 жылы облыстағы кез келген сайтты өз таңдаулары бойынша тексеріп шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу