Павлодар облысында 36 мектепке ойын доптары табыс етілді

1307

Өңірдегі қалған мектептерге 30 қазан күні табыс етіледі. 

Павлодар облысында 36 мектепке ойын доптары табыс етілді

Облыстық дене шынықтыру орталығы өңірдегі 36 мектептің әрқайсысына бес ойын добын табыстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Білім беру басқармасының хабарлауынша, мұндай сыйлыққа "Жалпы орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру сабағының әр үшінші сабағында футбол сабағын өткізу" республикалық жобасы аясында Павлодарда - 17, Ақсуда  - 8 және Екібастұзда 11 мектеп ие болған.

Өңірдегі қалған мектептерге 30 қазан күні табыс етіледі. Демеуші – "Coca-Cola" компаниясы.

"Футбол сабақтары" - ҚР БҒМ мен Қазақстан футбол федерациясының бірлескен жобасы. 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі "Жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарында дене шынықтырудың әр үшінші сағатында "Футбол сабағы" бойынша тестілеу өткізу туралы бұйрық шығарған. Осыған сәйкес өңірдегі 27 мектеп пилоттық жобаға енгізілген. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап бұл жоба кеңейтіле түскен. Қазіргі таңда облыстың 66 мектебінде 1-11 сынып оқушылары арасында футбол сабағы өткізілуде.

"Биыл облыста "Футбол сабағы" 66 мектепте енгізілді, - дейді аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының әдіскері Марат Дүйсенов. – Оның ішінде аудандарда - 35 мектепте, қалған 31-і - қалалық мектептерде. Үшінші сабақта футбол ойыны апробациядан өтеді. Былтыр бірінші 1-4 сыныптарда ғана болса, биылдан бастап 5-11 сыныптар да қатарға қосылды. Былтыр "Былғары доп" республикалық жарысында біздің облыс үздік нәтиже көрсете білді. Ең кіші жас санатында бірінші орын, орта жастағылардың арасында екінші және жоғары топта төртінші орынға ие болдық. Бұл балаларды спортқа тарту мақсатында қолға алынып отырған жоба".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу