Павлодар облысында 4 мыңға жуық мигрант жұмыс істейді

1160

Жыл басынан бері 8 205 шетелдік уақытша тіркелді. 

Павлодар облысында 4 мыңға жуық мигрант жұмыс істейді

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биыл шамамен 4 мың адам өңірге жұмыс істеу мақсатында көшіп келген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сонымен қатар 3 мыңға жуық шетелдік жеке мақсатпен, 212 адам оқу үшін, тағы 15 азамат қызметтік істер бойынша қоныс аударды. Көші-қон заңнамаларын бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандары да бар.

"Жыл басынан бері 904 шетелдік пен 3 960 қазақстандықтың көші-қон заңнамаларын сақтамағаны анықталды. Соттарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 609 іс жолданды. Құжаттар негізінде өзге елдің 77 азаматын елден шығару және олардың Қазақстанға кіруіне шектеу қою туралы шешім шығарылды. Одан бөлек, 2 468 адамға жалпы сомасы 90 млн теңге болатын айыппұл салынды. Бүгінде оның 88 млн теңгесі төленді", – дейді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Сондай-ақ жыл басынан бері 368 шетелдікке Қазақстан Республикасының азаматтығы берілді. Оның 297-сі – қазақ.

Бүгінде Павлодар облысында 6 113 шетел азаматы тұрақты түрде тұрады. Ал 3 363 облыс тұрғынына басқа мемлекетте тұруға рұқсат қағаздар берілді.  

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу