Павлодар облысында 4 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды

382

Онда 9 адам қаза тауып, 47-сі түрлі жарақат алды. 

Павлодар облысында 4 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды Фото: Autonews.ru

Жыл басынан бері 4272 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Оның 54-і ЖКО қатысушылары болды. 13 маусымда Торайғыров көшесінде бір жас жігіт қарбалас жолды кесіп өтті. Жаяу жүргінші өзінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, өтіп бара жатқан көліктерге де кедергі болды. Біраз уақыттан кейін мұндай бұзушылық Академик Сәтбаев көшесіндегі жол бойында тіркелді.

Үлкен жастағы әйел аялдамаға келе жатқан автобусты көріп, үлгеру үшін жолды қысқартуға шешім қабылдағанын түсіндіріп, жолды тиісті жерден өтпей, бұзушылыққа жол берді. Жол қозғалысы ережелерін елемейтін павлодарлықтарға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.

Жаяу жүргіншілерге 2 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келді (6 900 теңге).

– Жол қателерді кешірмейді. Тәуекелге бармай, бағдаршамға немесе жаяу жүргіншілер өткеліне барған дұрыс. Жолдың қиылысында зейінді және мұқият болыңыз, жолды толығымен өткенге дейін өз гаджеттеріңізге көңіл бөлмеңіз, – деп ескертеді Павлодар облысының полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу