Павлодар облысында 43 елді мекен айрықша бақылауда тұр

444

Павлодардағы төтенше жағдайлар қызметі су тасқыны қаупі бар аумақтарда тәулік бойы мониторинг жүргізуде. деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Павлодар облысында 43 елді мекен айрықша бақылауда тұр Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Автожолдар мен елді мекендер ішіндегі су құбырлары қардан аршылып жатыр. Кейбір аумақтарда еріген қар суы біртіндеп ойпаң жерлерге жиналып жатқаны байқалады.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, ведомствоның аудандық бөлімшелері су тасқыны қаупі бар аумақтарда тәулік бойы мониторинг жүргізуде.

"10 ақпан күні "ҚазАвтоЖол" компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп, тас жол бойындағы су жинала бастаған қауіпті аймақтар анықталды. Барлық аудандарда су өткізгіш құбырларды тазалау және ашу жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында су деңгейі айтарлықтай төмендеп, тасқын қаупі жойылды. Жағдайды бақылау үшін тәулік бойы вахта ұйымдастырылды", - деп мәлімдеді департаментте.         

Еске сала кетейік, Павлодар облысында 43 елді мекен айрықша бақылауда тұр. Оларға негізінен жазғытұрым өзендер арнасынан асқанда немесе қар жылдам ерігенде қауіп төнеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу