Павлодар облысында 444 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды

825

Павлодар облысында өздерінің нақты табыстарын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға заңсыз қол жеткізген 444 отбасына төлемдер тоқтатылды.

Павлодар облысында 444 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әлеуметтік көмек және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Майгүл Рахымжанова мәлімдеді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, АӘК тағайындау кезінде ең көп таралған бұзушылық нақты табыстарды жасыру болып табылады.

"Мәселен, Май ауданы Қаратерек ауылында тұратын 6 адамнан тұратын отбасы 2019 жылдың сәуір айында АӘК тағайындауға өтініш берген. Отбасына 105 мың 843 теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Қосымша тексеру кезінде біздің басқарманың күшімен отбасының нақты табысын жасырғаны анықталды. Қайта есептеу нәтижесінде отбасына АӘК төлеуден бас тартылды", – деді Майгүл Рахымжанова.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау нәтижесінде 72 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушылар табысы туралы жалған ақпарат бергені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу