Павлодар облысында ер адам 5-қабаттан секірмек болды

522

Полиция қызметкерлері қала тұрғынының өмірін сақтап қалды.

Павлодар облысында ер адам 5-қабаттан секірмек болды

Павлодар облысының Ақсу қаласында 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 14 қараша сағат 12.50-де Ақсу қаласында болған. Жергілікті полицияға  Б.Момышұлы көшесіндегі 23 үйдің 5-қабатындағы балконнан ер адамның секіруге тырысқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына бірден патрульдік полиция қызметкерлері жеткен.

"Бесінші қабатқа көтерілдік, бірақ пәтердің есігі ішінен жабулы болды. Мен көршілердің есігіне қоңырау шалып, не болып жатқанын түсіндірдім. Олар бізді ішке кіргізіп, балконға апарды. Әріптесім онымен келіссөздер жүргізіп жатқанда, мен көршінің балконынан өтіп, ер адамды ұстап алдым. Содан кейін оны пәтерге кіргізіп, онымен сөйлесе бастадым. Кейін ішке әріптесім мен ер адамның туыстары келді", – деді тәртіп сақшысы Рүстем Жұмабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу