Павлодар облысында 5 күнде жол ережесін бұзғаны 1,2 мың адам жауапкершілікке тартылды

727

21-25 наурыз аралығында барлығы 2351 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Павлодар облысында 5 күнде жол ережесін бұзғаны 1,2 мың адам жауапкершілікке тартылды

Павлодарлық полицейлер демалыс және мереке күндері 37 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Полиция қызметкерлері 21-25 наурыз аралығында облыс аумағында 37 қылмыстың бетін ашты. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін 1246 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 36 адам көлікті мас күйде жүргізгені үшін ҚР ҚК 346 бабы бойынша автокөліктерді басқару құқығынан айырылды", – деді баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 21-25 наурыз аралығында барлығы 2351 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу