Павлодар облысында 5 млрд теңгенің жайылымдық жерлері халыққа қайтарылды

241

Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісті.

Павлодар облысында 5 млрд теңгенің жайылымдық жерлері халыққа қайтарылды Фото: gov.kz

Павлодар облысының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген.

Елді мекендердің 24 мың га жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген. 

Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды.

Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісті.

Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу