Павлодар облысында 576 миллион теңгенің электр энергиясы үнемделген

950

Павлодар облысында 576 миллион теңгенің электр энергиясы үнемделген

Павлодар облысында 2012-2015 және 2015-2017 жылдарға арналған энергия сақтаудың кешенді жоспары іске асырылуда. Аталмыш құжатта 175,4 млрд теңгеге 237 шарадан тұратын тоғыз негізгі бағыт қарастырылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін өңірік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бағұстар Бегентаев айтты.

"Біздің аймақ атқарылған жұмыс нәтижесінде 2012-2016 жылдар аралығында энергия тиімділігін арттыру мен сақтау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың арасында бірінші орынды алды. Бағалауды инвестиция және даму министрлігіне қарасты индурстиялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті жүргізді. Өңір кәсіпорындарымен энергия тиімділігін арттыру үшін 2016 жылдың қортындысына сәйкес 133 шара жүзеге асырылды. Бұл 10,6 мың тонна шартты отынды үнемдеуге мүмкіндік берді. Оның ішінде 34,5 миллион кВт/с электр энергиясы мен 17,5 мың Гкал жылу энергиясы. Ал, экономикалық тиімділік 576,2 миллион теңгені құрады", - дейді Бағұстар Бегентаев.

Спикердің айтуынша, аталған басқарма энергияны сақтау шаралары аясында БҰҰ даму бағдарламасымен және USAID компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, 20-маусымнан бастап "ҚР-да энергия тиімділігін арттыру жобасы" гранты шеңберінде халықаралық даму банкімен бірге Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданының және Қаратерек, Кеңтүбек ауылдарының мектепке дейінгі мекемелерінде энергия сақтау және үнемдеу технологияларын қолдану арқылы жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесіне дайындалу аясында басқарма жоғары оқу орындарымен және Назарбаев зияткерлік мектебімен бірге ҚР энергетика министрлігіне жасыл экономика саласында Қазақстанның павильондарына орналастыру үшін 26 жоба жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу