Павлодар облысында 6 адам жұмыс орнында қаза тапты

2582

Барлығы 114 қызметкер өндірістік жарақат алды.

Павлодар облысында 6 адам жұмыс орнында қаза тапты

Павлодар облысындағы кәсіпорындарда жазатайым жағдайлар саны азаймай тұр. Былтыр оқыс оқиғалардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға көбейді. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада төртінші орын алады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапановтың мәліметіне сүйенсек, өткен жылы аймақтағы кәсіпорындарда 107 жазатайым оқиға тіркеліп, соның салдарынан 114 тұрғын түрлі жарақат алған. Ал алты адамның жұмыс орнында демі таусылды.

"Ең көп оқыс жағдай "Қазақстан алюминийі" зауытында тіркелді. Мұнда қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан 13 оқиға орын алды. "Богатырь Көмір" кеніші мен Қазақстан электролиз зауытында бес жағдайдан тіркелді. Бұған пандемияға байланысты оқу курстарының дұрыс ұйымдастырылмауы, қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесінің болмауы, зауыттардың ұзақ уақыт жаңғыртудан өтпеуі себеп", - дейді Асқар Қапанов.

Алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін 250-ден көп жұмысшы еңбек ететін кәсіпорындар тәуекелі жоқ, орташа тәуекел бар және жоғары тәуекелді топтарға бөлінбек. Соның негізінде арнайы арнайы комиссиялар жұмыс істейтін болады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу