Павлодар облыстық полиция департаменті қаруды дұрыс пайдалана алмайтын 800-ден астам тұрғынның әрқайсысына айыппұл салды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 65 қару мен 520 патронды тәркіледі.
Кей кездері полиция қызметкерлері отбасылық жанжал кезінде көмек көрсету үшін шақыру бойынша жеткен кезде күйеуі әйеліне аң аулауға арналған қарумен қастандық жасамақ болғанын анықтап жатады. Мұндай жағдайда қару пайдалануға қатысты рұқсатқағазы болса, ол өз күшін жояды.
Ал бұл қаруды қолданудың салдары қайғылы жағдайға апаруы мүмкін болған жағдайда ол тәркіленеді.
Ажар Дәулетова
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу