Павлодар облысында 7,8 мың гектардан дәнді дақыл жиналды

1056

Бүгінгі күні оның 6,7 мың тоннасы бастырылған. 

Павлодар облысында 7,8 мың гектардан дәнді дақыл жиналды

Орташа шығымдылығы гектарына 8,6 центнерді құрайды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Сәдібеков мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.

"Оның ішінде бидай – 800 гектар, арпа – 3,3 мың гектар, сұлы – 2,9 мың гектар және қысқы қарабидай 890 гектар. Ең жоғары өнім Шарбақты ауданында гектарына 17,5 центнер, Тереңкөлде гектарына 8,6 центнерді құрады. Картоп 870 гектарда, көкөніс 347 гектарда және бақша дақылдары 28 гектарда жиналған",– дейді Нұрлан Сәдібеков.

Басқарма басшысының айтуынша, Ақсу қаласының ауылдық аймағы мен Павлодар ауданында картоп пен көкеністерді жинау басталып кеткен.

Биылғы жылы 1,1 миллион гектар жерде астық жиналады. Оның басым бөлігін – 785,7 мың гектарын дәнді дақылдар, 210 гектарын – майлы дақылдар, 75 мың гектарын – жемшөп дақылдары, 17,8 мың гектарын картоп және 9,3 мың гектарын көкөніс пен бақша дақылдары алып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу