Павлодар облысында 7 бала жол-көлік оқиғасынан зардап шекті

362

Өз тәжірибесіне сүйене отырып дәрігерлер жаз маусымында жол апаттарының саны күрт өсетінін айтады, деп жазады inbusiness.kz. 

Павлодар облысында 7 бала жол-көлік оқиғасынан зардап шекті Фото: mtrk.kz

Облыстық трассалардың бірінде екі көлік соқтығысып, 10, 7 және 3 жастағы үш бала зардап шекті, барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Апат орнынан 18 жастағы қыз Ақсу қалалық ауруханасына жатқызылды. 37 жастағы әйел мен 41 жастағы ер адам ауруханаға барудан бас тартты.

Семейге апаратын республикалық тас жолда көлік арыққы ұшып кетті. Әр түрлі жарақаттардан зардап шеккен төрт адам Аққұл аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың қатарында 65 жастағы әйел, 35 жастағы ер адам, 7 жастағы қыз бен 4 жасар бала бар. Осыған ұқсас тағы бір жол апатында 65 жастағы әйел қатты жарақаттар алып, кейін жан тапсырды. 46 жастағы тағы бір әйел Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. 11 жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 4 жасар бала апат кезінде көлікте болған, бірақ қатты зардап шекпеген 67 жастағы атасымен бірге ауруханаға жіберілді.

Төрт күнде екі рет 103 қызметкерлері мотоциклшілерге көмек көрсетті. 20 жастағы жас жігіт қозғалыс кезінде велосипедтен құласа, ал Екібастұзда 16 жасар бала рөлді басқара алмай, қоқыс жәшігіне құлаған.

Осы жылдың бес айында барлығы 600-ден астам қазақстандық жол апатынан қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу