Павлодар облысында 8,3 мың кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр

943

Қызмет ететін кәсіпорындардың 40%-ы табыс таппайды, яғни нөлдік есеп тапсырады.

Павлодар облысында 8,3 мың кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр

Павлодар облысында тіркелген кәсіпорындардың 8300-і жұмыс істемейді. Оның 3 мыңы жұмысын мүлдем тоқтатқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Nur Otan партиясының облыстық филиалында өткен қорытынды кеңес барысында сөйлеген облыс әкімі Болат Бақауов шағын және орта кәсіпкерлік саласында әлі де ауқымды жұмысты атқару керектігін қадап айтты.

"Шағын және орта бизнес субъектілерінің көрсеткіштері артқанымен, облыста тіркелген кәсіпорындардың 8300-і жұмыс істемейтіні анықталды. Олардың 3 мыңы мүлдем жұмысын тоқтатқан. Қалғандары қызметін уақытша тоқтатса, кейбіреулері банкротқа ұшыраған",– дейді әкім.

Болат Бақауов облыстық кәсіпкерлік басқармасына мәселені мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесе шешуді тапсырды.

"Қызмет ететін кәсіпорындардың 40%-ы табыс таппайды, яғни нөлдік есеп тапсырады. Бұдан шығатын қорытынды – кәсіпкерлердің көбі көлеңкелі бизнеспен айналысады",– деді Болат Бақауов.

Осы орайда облыс басшысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәжірибесін кеңейту қажеттілігін атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу